18 наурыздан бастап құмар ойындарынан саналы түрде бас тартудың онлайн режимі іске қосылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін "eGov mobile" мобильдік қосымшасы арқылы Қазақстанның 7 мыңнан астам азаматы онлайн қызметті пайдаланған.
«Өтініш берудің қағаз форматымен салыстырғанда жаңа онлайн қызмет сұранысты өңдеу мерзімін едәуір қысқартады және құмар ойындарға қатысудан өзін-өзі шектеу процедурасын жеңілдетеді, содан кейін барлық азаматтарға, ең алдымен, құмар ойындарға шамадан тыс қызығушылық танытып, барлық заңды ойын мекемелері мен лицензияланған букмекерлік кеңселердің сайттарына кіруге бірден тыйым салуға мүмкіндік береді", - деді Спорт және Туризм министрінің орынбасары Мирас Төлебаев.
Министрлікте өтінішті құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын шектегісі келетін адам дербес ЭЦҚ пайдалана отырып, өтініш беру қажетін айтты. Үшінші тұлғалар өтініш бере алмайды.
Сондай-ақ, ҚР азаматтары мен резиденттері құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өзін-өзі шектеу туралы жазбаша өтінішті (қағаз түрінде) ойын бизнесін ұйымдастырушылар арқылы бере алады. Министрліктің мәліметінше, қызметті 3 мыңнан астам адам пайдаланған.