NCOC Қашаған кен орнының теңіз кешенінде 2024 жылы 30 наурызда сағат 7:43-те (GMT+5) немесе 2:43-те (UTC) мұнайдың, ағынды сулардың немесе басқа сұйықтықтардың төгілуі туралы ақпарат расталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Atameken business-ке сілтеме жасай отырып.
NCOC мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың 30 наурызында SENTINEL-1A және 2024 жылдың 2 сәуірінде TerraSAR-x спутниктерінен түсірілген суреттерге сәйкес, Қашаған кен орнының D аралының солтүстігіндегі шағын учаскеде табиғи құбылыс байқалды. Келесі күндері түсірілген басқа суреттерде мұндай құбылыс байқалмаған.
«D аралына жақын жерде жарияланған учаске зерттелді, ешнәрсе төгілмеген. NCOC компаниясының теңіз нысандары штаттық режимде жұмыс істейді», - деп хабарлады компания.