2018 жылдың 5 шілдесінде Астанада 20-жылдық мерейтойына орай «Салтанатты неке қию рәсімі» атты кезекті іс-шара өтеді. Қызықты жоба жұбайларға ұмытылмас үйлену салтанатына қатысуға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Elorda Info сілтеме жасап.
Іс-шараға шамамен 40 жұп қатысады деп жоспарлануда.
Елорда күнін тойлауға арналған «Салтанатты неке қию» рәсімі 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Аталған іс-шараға 2007-2017 жылдары 350-ге жуық жас жұбай қатысты. Жылдар бойы жобаға қатысушы жастар отбасында 800-ден астам бала дүниеге келді.
Елорда тұрғындары мен қонақтары салтанатты рәсімге үлкен қызығушылық танытып, оны жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырды.
Салтанатты рәсім 11-ші жыл қатарынан өткізіліп жатыр.