Астана күніне орай Қазақстан халқы 3 күн демалады деп хабарлайды, - mangystaumedia.kz ақпараттық сайты.
Биыл Астананың 20 жылдық мерейтойы жұма 6 шілдеге түсіп тұр. Мерекеге орай Қазақстан халқы 6, 7 және 8 шілде (жұма, сенбі және жексенбі) күндері демалатын болады.
Алты күн жұмыс жасайтындар да дәл осылай 6, 7, 8 шілде күндері жұмыс жасайды.
Бұл күндері Маңғыстау делегациясы Астанада жүр. Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының басшысы Пәния Сармурзинаның сөзінше, жерлестеріміз бас қалада 4 шілдеге дейін концерт қоймақ.