Мемлекеттік техникалық қызмет Қазақстандағы интернет үзілістерінің себептерін айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бүгін таңертең Қазнетте кең ауқымды кибершабуылдар тағы тіркелді. Бұл жағдай еліміздің барлық аймақтарындағы интернеттің жұмысына әсер етеді», - деді олар.
Қазіргі уақытта GTS техникалық мамандары қауіптерді залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.
Бүгін таңертең қазақстандықтар интернетке қатысты проблемаларды байқаған. Түрлі әлеуметтік желілерді қолданушылар байланыс үзіліп немесе мүлде жоғалып жатқанын хабарлай бастады.