Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыстан босатылған 71,4 мың азамат төлемақы алуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Биыл 63,7 мың адам бұл төлемді бірінші рет алған.
Төлемдер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін:
- eGov.kz порталына кіру;
- «Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру» бөлімінде «Жұмыс іздеушілерді тіркеу» қызметін таңдау;
- барлық жолдарды толтыру арқылы қызметке онлайн тапсырыс беру және қол қою арқылы өтінішті жіберу;
- бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
- жұмыс табылмаған жағдайда үш жұмыс күні ішінде адамға қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда Жұмыспен қамту орталығының қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушіге хабарласады).