2023 жылдың қаңтарынан бастап бала күтіміне байланысты төлемдер 1,5 жасқа дейін төленеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеу мерзімін ұзарту заң қабылданғаннан кейін, 2023 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Ал биыл бір жасқа толған балаларға бұл норманың қатысы жоқ», – деп түсіндірді Дүйсенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін президент 2023 жылдан бастап бала күтіміне байланысты төлемдердің мерзімі 1,5 жасқа дейін ұзаратынын мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл ата-аналарға ең маңызды кезеңде өз балаларының қасында ұзағырақ болуға мүмкіндік береді.