Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді. Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Е.А.Сағымбаевқа жүктелді»,-делінген хабарламада.
Қалмұханбет Қасымовтың Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылғаны туралы Мемлекет басшысының Жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.