• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 25 Ақпан 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Бозжыраның бүгінгі бейнесі (ФОТО)...

Ауған соғысы құрбандарын еске алды...

Аққулар қанат қаққанда (ФОТО)

Бағзы дәуірден үн қатқан...

Үстірт үстіндегі вандализм іздері (ФОТО)...

  • USD: 415.57 ₸
  • EUR: 505.37 ₸
  • RUB: 5.65 ₸

А. Мамин нақты сектор өсімінің сенімді қарқынын және қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділіктің қалпына келуін атап өтті

[ 2020 ] 9 маусым, 09:58  |  Қазақстан жаңалықтары

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-мамырдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.

Экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, қаржы министрі Е. Жамаубаев, өнеркәсіп және энергетика секторындағы жағдай туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов пен энергетика министрі Н. Ноғаев, агроөнеркәсіп кешеніндегі ахуал туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, өңірлердің дамуы туралы Алматы облысының әкімі А. Баталов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов баяндады.

Биылғы қаңтар-мамыр айларында ЖІӨ 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,7%-ға төмендеді, бұл пандемиядан туындаған әлемдегі және аймақтағы іскерлік белсенділіктің күрт құлдырауына, сондай-ақ шикізат пен капиталдың халықаралық нарықтарындағы тұрлаусыздыққа байланысты.

Сонымен қатар Үкімет қабылдап жатқан шаралар мен ұлттық экономикада жинақталған тұрақтылық ҚР экономикасының нақты секторының сенімді өсу қарқынын қамтамасыз етуге жол ашты. Тау-кен өнеркәсібінің көлемі 5,2%-ға, өңдеу өнеркәсібі – 4,9%-ға, оның ішінде машина жасау – 18,5%-ға, фармацевтика – 21,2%-ға, жеңіл өнеркәсіп – 10,8%-ға, құрылыс материалдарын өндіру – 12,3%-ға өсті. Құрылыс көлемі 5,9%-ға өсті, сауда балансының оң сальдосы қамтамасыз етілді.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,2%-ға өсті. Көктемгі егіс жұмыстары оңтайлы мерзімде аяқталды, олардың қорытындысы бойынша егіс алқабы 237,7 мың га артып, 22,5 млн га құрады.

Халықты жұмыспен қамтуды қолдау шаралары белсенді түрде іске асырылып жатыр. Биыл жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша кешенді шаралармен ҚР 1,22 млн азаматы қамтылады.

Карантин режимін кезең-кезеңмен жеңілдету аясында қызмет көрсету секторындағы іскерлік белсенділік серпінді түрде қалпына келтіріліп жатыр. Мәселен, мамыр айында сәуірмен салыстырғанда сауда (+28,3%), көлік секторында (+20,7%) және халыққа қызмет көрсету (+28,8%) саласында айтарлықтай өсім байқалды.

Осы жылдың бес айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға өсті. Сонымен қатар мамыр айында биылғы сәуір айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 32%-ға артты. Оған қоса негізгі капиталға салынған жеке инвестициялар көлемінің өсімі 25,7%-ды құрады.

«Біздің міндетіміз – қысқа мерзімде экономиканың дағдарысқа дейінгі даму қарқынын қалпына келтіру. Бұған экономиканы қолдау және осы жылдың соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру бойынша біз қабылдаған шұғыл шаралар ықпал етуі тиіс», — деді А. Мамин.

Негізгі көрсеткіштер бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың озық өсу қарқыны Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Қостанай облыстарында қамтамасыз етілген, орташа республикалық мәндерге Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қол жеткізілді, кейбір көрсеткіштер бойынша республикалық деңгейден төмен өңірлер — Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы.

Үкімет басшысы өңірлердің Экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспары мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, отандық өндірісті барынша қолдау, инвестициялар тарту, экспортты ілгерілету, халықтың жұмыспен қамтылуын сақтау және тұрақты жұмыс орындарын құру үшін барлық шараларды белсенді түрде қабылдау қажеттігін атап өтті.

«Қазіргі жағдайда бюджет қаражатын ұтымды әрі тиімді жұмсау қажет. Әрбір теңге экономикаға пайда әкелуі тиіс», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр жарты жылдың қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жұмысының тиімділігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралатынын атап өтті.

3343
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Қазақстан жаңалықтары Экономика
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

5 мың маманға баспана үшін бюджеттік несие беріледі

Келесі жаңалық

Жолаушылар пойызында карантин шаралары жеңілдетіледі

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ақтауда екінші деңгейлі тұрғын үй бағасы 17,7%-ға төмендеген

    [ 2017 ] 11 желтоқсан, 06:56
    1073

    Премьер-Министр көпбағытты емхананың жұмысымен танысты

    [ 2017 ] 26 қазан, 09:22
    846

    Қазақстан мен Өзбекстанды жалғайтын тас жолды жаңғырту жұмыстары басталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 11 шілде, 10:59
    863

    Ақтаудан Ыстамбұлға тұрақты рейс ашылды

    [ 2017 ] 27 наурыз, 11:35
    862

    Зейнетақы жинағын пайдалану: Тағы бір банк жауапты оператор болады

    27 қаңтар, 11:19
    399

    «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өз тиімділігін көрсетті — А. Мамин

    [ 2020 ] 15 желтоқсан, 10:12
    1093

    Рубрикалар

      Анықтама бюросы Қарақия Редакция ұжымы Редакция туралы Спорт Маңғыстау Астана - 20 Аудан тынысы Редакция Рухани жаңғыру анонс Әдебиет

    Автордың басқа да жазбалары

    С. Сейітқазынов: Мақсатымыз – бәсекеге қабілетті футболшыларды тәрбиелеу

    31 қаңтар, 12:14
    459

    Донор болу - өзгеге өмір сыйлау

    30 қаңтар, 11:01
    575

    «Спутник V» вакцинасын салдыруға қарсы көрсетілімдер – Бас санитар дәрігердің қаулысы

    29 қаңтар, 15:35
    1092

    Маңғыстауда мәслихат депутаттары алғаш рет біліктілігін арттыру бойынша оқып жатыр

    29 қаңтар, 15:25
    428

    Коронавирус: Қазақстандықтарды вакцинациялауға қатысты қаулы шықты

    29 қаңтар, 14:58
    1056

    Маңғыстауда тәртіп сақшылары жасырын үйлену тойын ұйымдастырған мейрамхананы анықтады

    29 қаңтар, 14:02
    1273

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»