Үстірт жолы. Тарихи-мәдени ескерткіштер мен қорымдар. Вандализм іздері. Бұл үш ұғым Үстіртке табаны тиген әрбір тұрғынға таныс.
Әуелі екіге бөлінген бұралаң жолдың жайы жолаушы назарына ілігеді. Зер салсақ, ондағы топырақтың тозып, бірте-бірте төмендей бастағаны білінеді.
Жолаушылап жолға шыққандар Үстіртте орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге соқпай кетпейді. Қорымдарды аралап, құран бағыштайтыны тағы бар.
Ал көзі қарақты жандар қорымға қашалған жазуды оңай-ақ аңғарады. Тарих шертетін таңбаларды емес, вандализм іздерін көреді. Ең өкініштісі де – осы.
Тіпті ел аузында Үстірттің тұмса табиғатына өркениет тарапынан нұқсан келтіру өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастау алды деп те айтылып жүр.
Жә, әрі қарай суреттер сөйлесін.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН