Биылғы 2024 жылдың ақпан айында 29 күн болғандықтан жыл да кібісе жыл деп аталады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кібісе жылы төрт жылда бір айналып келеді. Яғни әрбір төртінші жылда 366 күн болады. Ақпан айындағы 1 ғана артық күн жылды 1 күнге толтырады.
Бір жылда 365 күн 6 сағат болса, 4 жылда 6 сағат 1 күнді құрайды. Сөйтіп, ақпан айына бір күн, яғни 29 ақпан қосылады. Сондай жылды "кібісе жыл" деп атайды.
Қазақ халқы кібісе жылды табиғи апат, құрғақшылық жылы деп болжаған. Соңғы кібісе жылы 2020 жылы пандемия болып, көптеген адамдар күтпеген жерден жақындарынан айрылды.
Алайда тарихқа келсек, кібісе жылдың барлығы бірдей аса жайсыз болмаған.
Қазіргі уақытта баланың туған күні ата- ана қалауымен өзгертілмейді. Яғни, 29 ақпанда өмірге келген сәбидің туған күнін 28 ақпан не 1 наурыз деп жаздыруға рұқсат жоқ. 4 жылда бір-ақ рет келсе де, 29 ақпанда туған баланың куәлігінде тура сол күн жазылады.
29 ақпанда туғандар туған күндерін 1 наурызда тойлайды.
Ал астрологтар кібісе жылдың аспан денелерінің қозғалысына аса қатысы жоқтығын айтады. Яғни бір жылда 365 емес, 366 күннің болуы адамға әсер етпейді.