18 маусымда Астанадағы "MEGA SILK WAY" СОО-да балалы ер адамды ұрған кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов 5 жылға дейін сотталуы мүмкін, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ІІМ-не сілтеме жасап.
Министрлік "MEGA SILK WAY" СОО-дағы бұзақылықты тергеуді жалғастырып жатқанын ресми мәлімдеді. Бір ай бұрын елордадағы қоғамдық демалыс орындарының бірінде спортшы бала ұстаған ер адамды ұрып, кейін оқиға туралы бейнежазба кең таралған болатын.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталған, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен бірге, министрлік тарапы аталған іс бойынша барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп жатқанын да атады Олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілмек.