Бұл туралы қоғамдық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Руслан Төкеновтің айтуынша 2019 жылдың қорытындысы бойынша экология департаментімен жалпы 117 тексеріс жүргізілген. Оның ішінде 29-ы профилактикалық бақылау, 68-і жоспардан тыс және 20-сы тексерудің өзге түрлері.
- Тексеріс нәтижесі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы 138 іс қозғалды. Департаментпен салынған әкімшілік айыппұлдардың саны – 132, сотпен – 6. Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 73,8 млн. теңгені құрайды, - дейді Руслан Төкенов.
Департаментпен қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу туралы 265,1 млн. теңгені құрайтын 66 залал есептелінген.
Жылдың қорытындысы бойынша шаруашылық қызметтің кейбір көздері қоршаған ортаға теріс әсер етуі бойынша немесе келісілген экологиялық құжаттардан айырылуы себебінен сот шешімімен тоқтатылған. Олардың қатарында «Эко Ориентир» ЖШС, «Маңғыстау индустриалды паркі» ЖШС, «Қалжан Құрылыс» ЖШС, «RICH AKTAU» ЖШС, «ТАС» ЖШС және «ИБК «Си БУ» ЖШС мекемелері бар.
Сонымен қатар, сот органдарымен экология департаментінің келесідей талап-арыздары қаралып жатыр:
- «Қаражанбасмұнай» АҚ (КОС-2 және полигондардың жұмысын тоқтату туралы);
- «Теңіз Сервис» ЖШС, «Эко Сервис Нефтегаз» ЖШС, «Ландфил» ЖШС және «Экотерра» ЖШС (полигон жұмысын тоқтату туралы);
- «Тастемір ЛТД» ЖШС (тұрғын үй құрылысын тоқтата тұру туралы);
- «МКДСМ» АҚ, «ТАС» ЖШС, «Бай Бег» ЖШС, «Аян Ақтау» ЖШС және «Темиртас-1» ЖШС (карьерді өңдеуді тоқтату туралы).
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН