Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ақтау қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімі Самал қонақ үйінің аумағында салынып жатқан "Лагуна" аквапаркының құрылыс жұмыстарымен танысты. Аквапарк аумағы 2 га құрайды. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 65% аяқталған (балалар аквапаркі толық аяқталған).
Айта кетейік, нысанды іске қосу 2020 жылдың маусым айына жоспарланып отыр.