Бұл туралы Маңғыстау облыстық ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Е.Күмісқалиевтың басшылығымен ішкі саясат басқармасының және қалалар мен аудандардың ішкі саясат бөлімдерінің 2019 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы мен 2020 жылға жоспарлары бойынша жиын өтті. Жиынға Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, қала және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері, МО қоғамдық коммуникация орталығының қызметкерлері мен облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.
Жиын барысында қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдеріне бірқатар тапсырмалар мен міндеттер берілді. Жылды қорытындылай келе еңбегімен көзге түскен бірнеше қызметкерлер мен мамандарға алғыс хат табысталды.