©
Бүгін, 26 желтоқсан күні облыс әкімі Серікбай Трұмов Ақтау қаласында көп салалы клиниканың ашылуына қатысты, - деп хабарлайды сайты mangystaumedia.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша бой көтерген орталықта жүзден аса білікті маман қызет етпек. Заман талабына сай жабдықталған орталық алдағы уақытта бастапқы медико-санитарлық көмек көрсетіп, күніне 200 ден астам науқасты қабылдай алады.
Емхана Ақтау қаласының 1, 2, 3 және Приморский шағынаудандарының 23 мың тұрғынына, жақын орналасқан оқу орындарының студенттеріне медициналық қызмет көрсететін болады. Нәтижесінде 103 мың адамға медициналық көмек көрсететін №1 емхананың жүктемесі енді 23% дейін төмендейді деп күтілуде. Аймақ басшысы ақ халаттылардың жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге шақырды.