Бүгін Маңғыстаудың белгілі домбырашысы, күй өнерін насихаттаушы Орын Құлсариев 87 жасында дүниеден өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
О.Құлсариев - Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Маңғыстау облысының және Қарақия ауданының Құрметті азаматы, Қазақ КСРнің Халық ағарту ісінің үздігі.
28 желтоқсан күні марқұмның қонақасы, ал 29 желтоқсан күні сағат 10:00-де жаназасы болатынын хабарлаймыз.
Мекен-жайы: Ақтау қаласы Шығыс-1 ш/а, 14 үй.
Барша туған-туыстарына "Маңғыстау Медиа" ұжымы атынан көңіл айтамыз!