Маңғыстау облысы орталық мешіті Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруыменен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚМДБ-ның ресми сайтына сілтеме жасап. Денсаулығына қатысты басына қиын-қыстау түскен (диагонозы: J 95.5 үшінші дәрежелі рестеноз мойын кеудесінде) жас келіншектің еміне 530 мыңнан астам қаражат жиналды. "Дені саудың - жаны сау" демекші, ендігі кезекте отбасының шамшырағы болған екі баланың анасы Қалмұхамбетқызы Фариза Қалмұхамбетқызының отасы сәтті өтіп, дертінен құлантаза арылсын! Бір жұдырықтай жұмылып қайырымды іске атсалысқан, дұғада болған барша жұрттың ниеті қабыл болғай!