Облыста мемлекет сыйақысын 65 000-нан астам тұрғын алады
[ 2019 ] 12 желтоқсан, 09:44 | Жаңалықтар
Өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекет сыйақысын өңірдің 65 000-ға жуық тұрғыны алады. Қазір Маңғыстау облысында осыншама Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (ТҚЖБ) салымшылары бар. Оның 18 475-і осы жылы келісім-шарттарды ашты. Бұл туралы журналистермен кездесуде банк филиалының директоры Медет Абугалиев мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
- Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымдар бойынша ең жоғары тиімді мөлшерлемені - 13% - ға дейін ұсынады. 2% базалық мөлшерлеме кезінде депозиттер бойынша мұндай табысқа мемлекеттің 20% мөлшеріндегі сыйлықақысы есебінен қол жеткізіледі. Ол 200 АЕК немесе 505 000 теңгеден аспайтын сомаға есептеледі. Яғни, егер бір жыл ішінде біздің клиент осындай соманы жинаса немесе оны бір мезгілде енгізсе, 2019 жылдың қорытындысы бойынша ол ең жоғары сыйақы – 101 000 теңге алады, - деп түсіндірді Медет Абугалиев.
ТҚЖБ-де шот бола тұра, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға немесе коммерциялық нарықта шаршы метр сатып алуға болады. Өңіріміздің 10 мыңға жуық тұрғыны филиалдың ашылуынан бастап тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй жағдайын жақсартты.
"Әскери баспана" бағдарламасы аясында біздің өңірде 2018-2019 жылдары жалпы сомасы 4,359 млрд теңгеге 295 қарыз берілді. Оның ішінде 2018 жылы 1,005 млрд теңгеге 83 қарыз берілді, 2019 жылы жалпы сомасы 3,354 млрд теңгеге 212 қарыз берілді.
Тұрғын үй төлемдерін алатын әскери қызметшілер мен арнайы органдардың қызметкерлері бағдарламаға қатысушылар болып табылады. Бағдарламаға қатысу үшін олардан тұрғын үй құнының 15% жинақтаумен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде арнайы салым болуы қажет, несие 8% - ға дейінгі мөлшерлеме бойынша ресімделеді, осы өнім бойынша қарыздар бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алуға беріледі. Бағдарламаны жаңарту 2020 жылы жоспарланып отыр.
"Бақытты отбасы" бағдарламасы 2019 жылдың 17 шілдесінен басталды. 2019 жылғы 11 желтоқсандағы жағдай бойынша біздің өңірде 257 клиент осы бағдарлама бойынша өтінім берді, оның ішінде 172 клиент қарыз алды, тағы 69 қатысушы оң шешім алып, тұрғын үй іздеу барысында
.
Жаңа әлеуметтік бағдарламаға көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және кәмелетке толмаған балалармен толық емес отбасылар қатыса алады.
Олар үшін несие сомасының 10% мөлшерінде бастапқы жарна болған жағдайда жылдық 2% мөлшерлеме бойынша қарыздар беріледі. Қарыз мерзімі - 20 жылға дейін.
"Бақытты отбасы" бағдарламасының көмегімен алғашқы және екінші нарқтан пәтерлер немесе жеке үй сатып алуға болады. Қарыздың ең жоғарғы сомасы Ақтау қаласында 15 млн теңгені, ал өңірде бұл сома 10 млн теңгені құрайды.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі дағдарысқа қарсы
"Өз үйім" жеке бағдарламасын әзірледі.
1017
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.