Күйші мен шопан мемлекеттік марапатқа ие болды
[ 2019 ] 12 желтоқсан, 09:24 | Жаңалықтар
Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.
Өңірден «М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы» МКҚК солисі Сержан Шакрат «Парасат» орденімен марапатталды.
Ал Маңғыстау облысы «Жайлау» ЖШС бас шопаны Есет Өтесов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері атанды.
937
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.