Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Александр Алексеев айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Айтуынша, өрттің көп бөлігі тұрғын үйде болған. Яғни тұрғын үйде 113 оқиға тіркелсе, 80 өрт оқиғасы автокөлікте болған. Облыстық ТЖД төтенше жағдайдың алдын алу және өрт қауіпсіздік ережесін түсіндіру мақсатында 180 мыңнан аса адамға жадынама мен буклеттер таратқан. Сонымен қатар 3 000-нан аса тұрғынмен кездесіп, жиналыс өткізген.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынды