Маңғыстауда жыл басынан бері 1 239 адам қызылшамен тіркеуге алынған
[ 2019 ] 28 қараша, 09:11 | Жаңалықтар
Маңғыстау облысында жыл басынан бері 1 239 қызылша жағдайы тіркелген, оның 973 зертханалық расталған. Ауырғандардың ең көп саны - 551-Жаңаөзенде тіркелген. Бұл туралы Маңғыстау облысы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жоғары ауру көрсеткіші 20 жастан асқан тұрғындар арасында (қызылшаның барлық жағдайларының 34,3 пайызы) және егу жасына жетпеген бір жасқа дейінгі балалар арасында (21,5 пайызы) тіркелді.
Жаңаөзенде 551 оқиға, Мұнайлы ауданында 257 оқиға тіркелген, Ақтауда 221 тұрғын, Қарақия ауданында – 139 адам, Түпқараған ауданында – 48 оқиға, Маңғыстау ауданында - 20, Бейнеу ауданында - 3 оқиға тіркелген. Сырқаттанғандардың ең көп саны 14 жасқа дейінгі балалар, олар жалпы санның 63,0 пайызын құрайды.
Оқи отырыңыз: Ақтауда үшем дүниеге келді
2019 жылғы 17 қыркүйектен бастап облыс тұрғындары арасында қызылшаға және қызамыққа қарсы 20-29 жас аралығындағы (қоса алғанда), сондай-ақ қалауы бойынша басқа да жастағы тұрғындар арасында вакцинация басталды.
Маңғыстау облысы аумағында қызылша инфекциясын тіркеу 2018 жылдың желтоқсанынан басталды. Қосымша иммундау қажеттілігі еліміздің барлық аумағында қызылша ауруының таралуымен байланысты болып отыр.
937
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.