Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры, Қазақстанның Іскер Әйелдер Қауымдастығы, «Хабар агенттігі» АҚ, Республикалық «КТК» телеарнасы және «Өқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің бірлескен «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы жалғасуда. Ақпараттық қолдаушы – «КТК» телеарнасы. Жобаның мақсаты – қайырымдылық идеяларын дәріптеу, белсенді азаматтық бастамаларды дамыту. Байқауға әлеуметтік, қоғамдық проблемаларды шешуге және өздерінің жомарттығымен басқаларды мейірімділікке ынталандыруға үлес қосып жүрген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. 2019 жылғы 2 қыркүйектен 29 қарашаға дейінгі кезеңде еліміздің барлық өңірінде конкурсанттарды іріктеу жұмысы жүргізіледі. Конкурс жеңімпаздарының есімдері ақпанның соңында – Алғыс айту күні мерекесінің қарсаңында белгілі болады. Лауреаттар бес номинация бойынша анықталады: - «Асар» (номинация халықтың салт-дәстүрімен байланысты қайырымдылық қызмет көрсететін адамдарға қолдау көрсетуге бағытталған); - «Туған жер» (білім беру, экология және көріктендіру саласында туған өлкеге көмек көрсететін адамдарға беріледі); - «Мейірім жолында» (аталымға ерікті негізде және тегін көмек көрсететін, игі істер атқаратын адамдар ие болады); - «Батыл жүрек» (номинация ерлік іс жасаған, жанкештілік танытқан адамға қолдау көрсету мақсатында тағайындалады); - «Қайырымдылық тарихы» (номинация БАҚ-та қайырымдылық тақырыбын қозғайтын, қоғамның назарын әлеуметтік проблемаларға аудартатын материалдардың жариялануынын қамтамасыз ететін журналистерге немесе шығармашылық ұжымға беріледі). Конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері және қайырымдылық қызметті мемлекеттік қолдау арқылы жүргізетін тұлғалар (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және т.б.) қатыстырылмайды.