10 ай ішінде Ақтау қалалық перинаталдық орталығында 5 010 бала дүниеге келді. Орталық директоры Ғалия Махимова жыл басынан бері 20 егіз және бір үшем туғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Ерте босану деңгейі босанудың жалпы санының 3 пайызын құраған. Мамандардың айтуынша әйелдердің 20 пайызы ота арқылы босанған. Орталық директоры Ғалия Махимова орталықта ана өлімі тіркелмегенін айтты. 2020 жылы республикалық бюджет қаржысына орталыққа қажетті қосымша медициналық жабдықтар сатып алу жоспарланып отыр. Қалалық перинаталдық орталығында кадрлық тапшылық жоқ. Қазір орталық 2020 жылдың екінші тоқсанында өтетін аккредиттеуге дайындалып жатыр. Аккредиттеу орталыққа 2020 жылдан бастап енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суретті МО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынды