Ақтауда мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші бағдаршамға тоқтамай, көлікпен қақтығысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Оқиға 11 қараша күні «Мәңгілік алау» ескерткішінің қиылысында болған. Жол-көлік апатында Audi 100 және Toyota Camry автомобильдері соқтығысқан. Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. «Audi 100 жүргізушісі 599-баптың 1-бөлігіне (тыйым салынған бағдаршамда жүру) және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігіне сәйкес (мас күйінде көлік құралын басқару, сондай-ақ көлік құралдарына нұқсан келтіретін әрекеттер) хаттама толтырды», - дейді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қазіргі таңда көлік айыппұл тұрағына орналастырылды. Шешім қабылдау үшін оқиға әкімшілік сотқа жіберілді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА