Қазақстанда 2020 жылдың демалыс күндерін ауыстырды
[ 2019 ] 6 қараша, 11:48 | Жаңалықтар
ҚР Үкіметі 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулы шығарды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді. «Демалыс күндері: - 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға; - 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға; - 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын», — делінген Қаулы мәтінінде. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1233
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.