31 шілдеде Ақтау қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Маңғыстау өңірінің қылмыстық тобының 9 мүшесіне қатысты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Қылмыстық топ Ұлттық Қауіпіздік Комитеті және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен ұйымдастарылған арнайы операция барысында ұсталған. ҰҚК-нің мәлімдеуінше, С.Ешманов, К.Тлепиев, А.Абдыкадыров, С.Койшибаев, С.Қыстаубай, Т.Егизбаев ҚР Қылмыстық Кодексінің 24 бабы 3-тармағы және 99 бабы 2-тармағы, 7-бөлімі бойынша, Т.Килжанов 262 баптың 2 тармағы және 194 баптың 4-тармағы, 1-бөлімі бойынша, Н.Уткилбаев 194 баптың 4-тармағы, 1-бөлімі және 262 баптың 1-тармағы бойынша, Ж.Косаев 262 баптың 2-тармағы және 194 баптың 4-тармағы, 1-бөлімі бойынша қамауға алынған. [gallery td_select_gallery_slide="slide" td_gallery_title_input="Арнайы операция барысында тәркіленген заттар" ids="83545,83546"] Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, тұрғылықты жері бойынша тінту шараларымен ұсталғандардан «ТТ» және «Макаров» пистолеттері, сөндіргіші бар револьвер, «Сайга» жүйесінің карабині, 3 травматикалық тапанша, 9 қысқа мылтық, және оларға 160-тан астам оқ-дәрілер мен есірткі құралдары, түрлі суық қару, сондай-ақ, 5,6 млн. теңге соманы құрайтын ақшалай қаражат тәркіленген. Бұдан бұрын өңірде қамауға алынған қылмыстық топ туралы жариялаған едік.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
Суреттер мен бейнежазбаларды ҰҚК ұсынды
[embed]https://www.instagram.com/p/B0oWD-sh2tO/?igshid=1xq7zte7xm2ya[/embed]