©
Ақтау қаласының мұғалімдеріне берілетін еңбек демалысының төлемі кешіктіріліп жатыр. Жалпы қаладағы 26 мектеп бойынша мұғалімдерге берілетін еңбек демалысының төлемі 1 млрд 400 мың теңге еді. Енді тиісті төлем ай соңына дейін төленеді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Канешова мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. 1 маусымнан бастап мұғалімдер еңбек демалысына шыққан. Бірақ әлі күнге дейін тиісті еңбек демалысының төлемі төленбеген. Мұғалімдердің айтуынша, еңбек демалысының төлемі демалысқа шыққанға дейінгі 3 күнде берілуі керек. Алайда айдың ортасы болды, ал берілетін төлем жоқ деп отыр. Бұл оқиғаға МО экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Канешова жауап берді. «Мұғалімдерге берілетін қаржы сәл кешігіп жатыр. Жалпы 26 мектеп бойынша берілетін еңбек демалысының төлемі – 1 млрд 400 теңге. Салықтық түсімдер әрбір айдың 25-нен кейін түседі. Сондықтан айдың соңында өздеріне белгіленген төлемді алады. Еңбек демалысының төлемі 19 күнге кешігуін қарыз деп ойламаймын. Егер маусым айындағы төлем тамыз немесе қыркүйек айына дейін төленбесе, мұны қарыз деуге болар еді», - дейді ол. https://www.youtube.com/watch?v=jGEpHxVY2ok Енді ақтаулық мұғалімдер санаулы күндерден соң еңбек демалысының төлемін алады.Жұлдызай ҚАЛИЕВА