Каспий күніне орай, мұнайлылық жас белсенділер «Таза жағалау» акциясына қатысты. Олар қарт Каспийдің жағасында тұрғындар қалдырған тұрмыстық қалдықтарды жинап, жағалауды күл-қоқыстан арылту жұмысына білек сыбана кірісті.
Акцияға жастармен бірге аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қызметкерлері де атсалысты. Экологиялық бағыттағы іс-шараның соңы көңілді спорттық ойындарға ұласты.