Алтыншы сайланған облыстық мәслихаттың төртінші сессиясы өтті.
Күн тәртібінде «Облыстың әлеуметтік –экономикалық даму жөніндегі облыс әкімінің есебі», «Облыстық ішкі істер органдары жергілікті полиция қызметі басшысының есебі», «Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттау», «Ақтау қаласындағы №5 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мекемесіне Нұртас Оңдасыновтың есімін беру», «Ақтау қаласындағы №16 жалпы білім орта мектебі» коммуналдық мекемесіне Саламат Мұқашовтың есімін беру», «Маңғыстау политехникалық колледжі» МКК –ын Маңғыстау облысы әкімдігі Маңғыстау облысының білім басқармасының «Халел Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны деп қайта атау туралы» және басқа да бірнеше мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған аймақ басшысы А.Айдарбаев жалпы алғанда 2016 жылдың 6 айы ішінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің айтарлықтай төмендеуі байқалмағандығын, өңір дамуының негізгі индикаторлары тұрақты деңгейде сақталғандығын, халық санының өсуі бойынша Маңғыстау облысының елімізде екінші орында екендігін, жыл сайынғы өсім 3 пайызды құрап, бүгінгі таңда облыс тұрғындары санының 634 мың адамға жеткендігін атап өтті.
-Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 875 млрд. теңгені, ал нақты көлем индексі 97,6 % -ды құрады. Облысымыз республикада өндірілген өнімнің 11 % -ын қамтамасыз етті. Әлемдік нарықтағы мұнай бағасының төмендеуіне байланысты өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 315 мың тонна мұнай аз өндірілгенімен, газ өндіру көлемі артып, өсім 14% болды.Бұл 2014 жылдың соңында іске қосылған «Шағырлы-Шөмішті» газ өндіру кенорнына баланысты, -деді Алик Серікұлы.
Баяндамада «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар айтылды. Атап айтқанда, облыста 4 мыңнан астам жұмыс орны құрумен инвестициялық құны 175 млрд. теңге болатын 5 ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Бүгінгі күні «Боржақты-Ерсай» темір жол құрылысы және Ақтау халықаралық сауда теңіз портын солтүстік бағытқа қарай кеңейту жобасы аяқталды. Құрық портында паромдық кешені және «Шетпе-Жетібай-Ақтау» автомобиль жолы құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Тағы да құны 27 млрд. теңге болатын 24 жоба әлеуметтік , инженерлік және тұрғын үй инфрақұрылымдарды дамыту бағытында іске асуда. Нәтижесінде 2 мыңнан астам құрылады.
Аймақ басшысы балабақша, мектеп, аурухана құрылысына, ауыз су, энергия қуаты, жастарды жұмыспен қамту, жұмыс орындарын қысқартуға жол берммеу, «Бұрғышы» «КезБи», басқа да мұнайшыларға қызмет ететін сервистік кәсіпорындарды жұмыспен қамту, халқы қарыштап өсіп келе жатқан Мұнайлы ауданындағы аурухана салу, басқа да өзекті мәселелерге тоқталып, шешу жолдарын сөз етті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық ішкі істер органдары жергілікті полиция қызметі басшысы Халмұратовтың баяндамасы тыңдалды.
Сессияда депутаттар Ж. Дәрменов, Т.Әміров, Б.Түсіпов, Н.Тумышев сөз сөйлеп, ой-ұсыныстарымен бөлісті.
Қаралған мәселелер бой ынша шешім қабылданды.
Болат ҮМБЕТОВ Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ