©
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева 2 айға қамауға алынды. Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі растады. «Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызына қатысты 2 ай мерзімге, яғни осы жылғы 2 тамызға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - деді Астана қалалық сотының баспасөз қызметі. Еске салса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.