©
Ақтау қаласы орталықтандырылған ауыз сумен 100%, ал облыстағы ауылдық елді мекендер 69% қамтамасыз етілген. 2019 жылы Бейнеу ауданының Сарға, Есет, Төлеп ауылдары мен Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында 4 жоба іске аспақ. Соның нәтижесінде бұл көрсеткіш 75,8 % жетеді. Бұл туралы аппараттық жиында Маңғыстау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Салимов мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Баяндамашының айтуынша, былтыр орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету бойынша Бейнеу ауданының Боранқұл және Мұнайлы ауданының Маңғыстау-4 ауылдарында 2 жоба іске асты. "Бұдан басқа орталықтандырылған сумен бұрыннан қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендердегі жаңадан салынып жатқан жер телімдерін қамту мақсатында 12 жоба іске асырылып жатыр", - деді басқарма басшысы. Қалалардағы орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз ету көрсеткіші – 93,1% құрайды. «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасының аясында Шетпе ауылындағы 2 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде ауылдық елді мекендердегі орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз ету 2019 жылы 7,1 % жетпек. Сонымен қатар 2019 жылы «Ақтау қаласындағы КОС-1 бастап КОС-2 дейінгі өздігінен ағатын кәріз коллекторының құрылысы» жобасын іске іске асуда. Бұл жобаны іске асыру тазартылмаған ағынды суларды КОС-2 алаңына айдауға мүмкіндік бермек. Елді-мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту мәселелері қаралған жиын соңында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.