Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес бірқатар мәселер қаралды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекеттік сатып алу саласында бюджеттен бөлінген қаржының уақытылы, тиімді және нысаналы мақсатына сай игерілуін қамтамасыз ету, 2011-2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасы шеңберінде елді-мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары құрылысын салуға, күтіп ұстауға және жөндеуге бөлінген қаржылардың уақытылы, тиімді және нысаналы мақсатына сай игерілуін бақылау, жер телімдерін заңсыз иемдену фактілері мәселелері бойынша басқарма басшылары баяндама жасады. Жиын соңында өңір басшысы Маңғыстау облысы әкімінің аппараты, қалалар мен аудандар әкімдіктеріне, басқарма басшыларына тапсырма берді. Атап айтсақ, «Мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру және бизнеске әкімшілік қысымды төмендету» тапсырмасына сәйкес аудан, қалаларда бюджеттік мекемелерде, әсіресе білім, әлеуметтік салаларда мемлекеттік сатып алуды өткізуден босатып, мемлекеттік сатып алу бойынша бірыңғай ұйымдастырушылық орган құрылуын қарастыруға және бірінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеме басшылары жеке ЭЦҚ мекеменің бас есепшілеріне құжаттарға мекеме басшысының қолын қоюға, пайдалануға жол бермеу, 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде елді-мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша бюджеттен бөлінген қаражатты уақытылы, тиімді және нысаналы мақсатына сай игерілуін қамтамасыз ету, қалалар мен аудандар әкімдіктеріне, Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, жер қатынастары, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына ҚР жер қатынастары заңдарының талаптарын сақтамай өрескел заң бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік қызметшілерді, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыруды қатаң тапсырды.