Ақтауда қала аумағында жайылып, жасыл желектерге түскен жылқылар қамалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. "Ақшұқыр тұрғыны Исағали Бүркітбаевтың 21 бас жылқысы 17-20 шағынаудан аумағында жайылып жүрген. Жануарларды "Қала жолдары" ЖШС-нің қызметкерлері мекеменің мал қамайтын базасына апарып қамады", - делінген хабарламада. Жергілікті полиция қызметінің инспекторы мал иесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505 бабы бойынша xаттама толтырылған. Бұл баптың 1 тармағы бойынша жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Егер бұл әрекет бір жыл ішінде қайталанса, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс.
Суретті Ақтау қаласы әкімдігі ұсынды