Мұнайлы полицейлері өртеніп жатқан үйден 4 адамды алып шықты. Оқиға 27 сәуір күні түнгі сағат 23:00 шамасында болған. Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында жол қозғалысын және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында патрульде жүрген полицейлер «Құрмет» көшесіндегі екі қабатты №15 үйде өрт шыққанын байқайды. Полицейлер төтенше жағдайды бағалап, үйде адамдар болуы мүмкіндігін түсініп, оқиға орнына дер кезінде жетеді. Олар пәтердің есігін қағып, қаннен-қаперсіз шырт ұйқыда жатқан үйдегілерді оятып алады. Үйде 1975 жылы және 1963 жылы туған екі ер адам мен 1977 жылы және 1981 жылы туған екі әйел адам болған екен. Төрт азаматты сол күні түнгі кезекшілікте болған Мұнайлы ауданы Пб Патрульдік полиция ротасының командирінің орынбасары, полиция аға лейтенанты Аскан Кадырчаев және Арлан-3 жасағында болған Мұнайлы ауданы Пб Патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы, полиция лейтенанты Амангелді Тасқожаев және полиция кіші сержанты Досбол Қалабай құтқарып қалды. Осылайша, полиция қызметкерлерінің батыл және жедел әрекеттерінің арқасында төрт адам ажалдан аман қалды. Олар аталған полицейлерге алғыс білдіріп, еңбегіне табыс тіледі.
Суретті Маңғыстау облысы полиция департаменті ұсынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="78722,78723"]