©
Ағымдағы жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға Сенат төрағасы Дариға Назарбаева кандидат ретінде қатыспайды. Бұл жайында Сенат спикерінің көмекшісі Сәуле Мұстафаева айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Жоқ, Дариға Нұрсұлтанқызы сайлауға түспейді», - деді ол. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау 2019 жылдың 9 маусымында өтетін болды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына үндеуінде айтты. Айта кетейік, 20 наурыз күні Дариға Назарбаева жасырын дауыс берудің нәтижесінде ҚР Парламенті Сенатының төрайымы болып сайланды.