Маңғыстаулық дәрігерлер сотталған азаматтың асқазанынан скотчқа (жабысқақ таспа) оралған скальпельді отасыз алып шықты. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайтына МО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Ішінің ауырғанын айтып шамданған науқас Маңғыстаудағы ГМ-172/6 түзету мекемесінен 2019 жылдың 3 сәуірінде жеткізілген. Науқас 1994 жылы туған. Рентгенография жасаған Маңғыстау облысының ауруханасының хирургтары науқастың асқазанынан бөгде затты байқайды. Шұғыл эндоскопия және функционалдық диагностика бөліміне жібереді. Эндоскопия бөлімінің дәрігерлері науқастың аш ішегінің бойынан бөгде затты (скальпель) отасыз алып шыққан. Дәрігерлердің айтуынша, скальпельдің өткір қырлары скотчпен оралған. Осы скотч науқастың ішінде еріп, шіри бастаған. https://youtu.be/H-6HGuvZt_s «Ауруханаға дер кезінде жеткізілмегенде, науқастың өміріне қауіп төнер еді. Дәрігерлер скотчқа оралған скальпельді отасыз алып шықты», - деп хабарлады МО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. [caption id="attachment_76906" align="aligncenter" width="1024"] Дәрігерлердің науқастардың асқазанынан алған заттары[/caption]