Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы орталық коммуникациялар қызметі Маңғыстау филиалының алаңында брифинг өткізіп, аймақ журналистерінің сауалдарына жауап берді. Брифинг отырысына найб мүфти Серікбай Ораз, өкіл имам Смайыл Сейтбеков, облыстық Дін істері басқармасының басшысы Ерлан Есбергенов қатысты.
БАҚ өкілдері қазіргі еліміздегі діни ахуал жайында сауалдар қойып, қоғамдағы дінге қатысты өзекті мәселелерді сөз етті. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бүгінгі таңдағы мүфтият тарапынан жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып өтіп, болашақ жоспарларымен бөлісті.Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Фото: Талант Құсайын