Жуырда Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Арман» қалалық жастар орталығы» ұйымдастыруымен студент жастарының білімін бағамдайтын дәстүрлі «Интеллект – 2016» зияткерлік сайысының алғашқы кезеңі болып өтті.
Жастардың зияткерлігін зерделеп, білімге деген қызығушылығын арттырып, ойлау қабілетін, логикасын дамытуды көздеген зияткерлік сайыста қаланың жоғары, техникалық және кәсіптік білім ордаларынан 9 топ сынға түсті.
Ойын барысында командалар білім мен тапқырлық бойынша жарысты. Нәтижесінде, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі (Идеялиев тобы), Маңғыстау гумнитарлық-техникалық университеті (Жалын тобы), Ақтау есептік технологиялық колледжі (Нұр тобы), Мейірбике колледжі (Мейірім тобы), Маңғыстау гуманитарлық колледжі (Ұшқыр тобы), КазАТК колледжі (100 қадам тобы), Туризм колледжі (Шаңырақ тобы), Маңғыстау политехникалық колледжі (МПТК тобы) командалары ¼ ширек финалға жолдама алды.
«Арман» қалалық жастар орталығы