©
Шілденің 29-ы күні Сафар Шәкеевтің туысқандары оны жер қойнына тапсырды. Қаралы хабарды естіген жұрт Қазақконцерт залына жиналды. Қоштасу рәсіміне барша туысқаны мен досы, қазақстандық жұлдыздар мен ұстаздары келді. Рәсім барысында олар Сафар туралы естеліктерін бөлісіп, ата-анасы мен қарындастарына көңіл айтты. Олардың қатарында Сәкен Майғазиев, Нағима Есқалиева, Әли Оқапов, Диас Аблаев, Медеу Арынбаев, Ерлан Біләл сынды танымал адамдар болды.
Бүгін Қазақконцерт залында Сафар Шәкеевпен қоштасу рәсімі өтті. Жиналған қауым оның ата-анасы мен бауырларына көңіл айтты. Достары оның жақсы қасиеттерін жіпке тізіп, әкесі барлық жетістігін айтып берді.
Қазақконцерт залының кіре берісіне Сафар Шәкеевтің үлкен суреті қойылды. Бүгіннен бастап қазақстандықтар осы суретте белгіленген #берегитедругдруга хэштегі бойынша өздерінің жақын адамдарына деген ізгі тілектерін білдіріп, оларды қалай жақсы көретіндіктерін әлеуметтік желі арқылы жеткізуге уәделесті.
Сахнаның бір бұрышынды Сафар Шәкеевтің ата-анасы, қарындастары мен бауыры, туысқандары отырды.
Келушілер алдымен Сафармен қоштасып, мүрдесінің жанына гүл шоқтарын қойды.
Жақын достары Сафардың суреті салынған арнайы футболкалар киіп келді. Олар да Сафармен оңашада қоштасу мүмкіншілігіне ие болды.
Композитор мен оның отбасына көңіл айтуға барша өнердегі достары келген. Олардың қатарында Нағима Есқалиева да бар. Әнші қоштасу рәсіміне ұлы Диас Абылаев және жолдасымен бірге келді. Өзінің де денсаулығы сыр беріп жүргені байқалады. Аяғын сылтып басып, баласы мен жолдасына сүйеніп жүрді.
Танымал адамдар арасында Сәкен Майғазиев те болды. Ол қоштасу рәсімінің соңына дейін отырмай, Сафарды ақтық сапарға тікесінен тік тұрып шығарып салды.
Дервиши тобының әншілері де композиторге көңіл айтып, қолдан келгендерінен аянып қалмайтынын жеткізді.
Сафардың ең жақын досы – Ғалымжан. Ол сахнада тұрып көпке дейін көз жасын тоқтата алмады. Артынша өз-өзіне келген соң Сафар екеуінің басынан өткен бір оқиғаны баяндап берді.
“Технодом” компаниясының директоры – Эдуард Ким. Сафармен Америкада жақынырақ араласқан. Сафардың оқуын бітіріп Алматыға келгенін білген соң өз компаниясына жұмысқа шақырған екен.
Азиядағы каратэ федерациясының өкілі – Жасталап Санаұлы. Сафарды алты жасынан бастап спорттық жарыстарға дайындаған.
Еркеш Шәкеев қоштасу рәсімі кезінде бірде-бір рет көзіне жас алмады. Ол өмірдің сынағын қасқайып тұрып қарсы алатынын, өзін ешнәрсе де сындыра алмайтынын жеткізді.
Келгендердің арасында шенділер де болды. Олар өз кезегінде билік өкілдері атынан көңіл айтты.
Рәсімнен кейін имам әкесінен баласының бұл өмірдегі қарызы туралы сұрады. Сафардың басында жабылмаған бір несиесі бар екен. Еркеш Шәкеев сол несиені өзі өтеуге уәде етті.
Жиналған қауым қатар тұрып намаз оқыды. Артынша Кеңсайға қарай бет алды. Сафарды сол жерге жерлемек.
Медеу Арынбаев пен Әли Оқапов та Сафардың туыстарына қолдау білдіруге тырысты.
Әрбір келушінің қолына дәл осындай таңғыш байланды.
Сафардың достары оның суреті салынған арнайы футболкалар киіп жүрді.
Футболкалардың артында “Біз, Сен, Сафар, махаббат” деген жазулар болды.
Еске сала кетсек, 25 жастағы Сафар Шәкеев 16 шілдеде Алматыда жоғалып кетті. Оны соңғы рет Әл-Фараби даңғылындағы “Казкоммерцбанк” жанынан таңғы 7.00-де көргендер бар. Ол үстіне алқызыл жейде мен көк джинсы киген. Оны осымен жетінші күн қатарынан іздестіріп жатыр. Достары мен жақын туыстары, полицейлер мен еріктілер оны іздеп бүкіл қаланы шарлауда. Сафар Шәкеевтің қайда екенін туралы айтылған ақпаратқа арнайы сыйақы да тағайындалған. Алденесі 28 шілде күні, сағат 11 шамасында Есентай өзенінен табылды.
Дереккөз: Stan.kz