Әлеуметтік желілерде Ақтауда зеңбірек атылады деген ақпарат таралып кеткен. Бірақ Ақтау қаласының әкімдігі бұл ақпар жалған екендігін мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Ақпаратта «Ақтауда зеңбірек атылып, оның даусымен сағаттар тураланатын болады», - деп айтылған. Бұл мәліметке қатысты қалалық әкімдікке тұрғындардан көптеген қоңыраулар мен хабарламалар келіп түскен екен. Ақтау қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлады. «Ақтау қаласының әкімдігі бұл ақпараттың ешбір шындыққа жанаспайтындығын ресми түрде мәлімдейді. Шаһарда ешқандай зеңбірек атылмайды. Қаланың тіршілігі мен жаңалықтарына қатысты барлық сенімді ақпаратты ең алдымен қала әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында жарияланатын қаперіңізге береміз», - дейді хабарламада.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Сурет pxhere.com сайтынан алынды