Бейнеу аудандық полиция бөлімінің бастығы болып Бөкен Жұмағали тағайындалды. Бұл туралы Бейнеу ауданы әкімдігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Бөкен Бегерұлы 1967 жылы 22 маусымда Маңғыстау облысы, Жетібай ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. Құқық қорғау саласында өз еңбек жолын 1994 жылы Маңғыстау облысы ішкі істер басқармасының ақпараттық талдау орталығында статистика және бақылау тобының инспекторы лауазымынан бастаған. 1996-2012 жылдар аралығында ішкі істер басқармасының әр-түрлі саласында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында болған. 2019 жылдың 28 наурызынан бастап Бейнеу ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. Полиция қызметіндегі еңбектері үшін бірқатар медаль және төс белгілерімен марапатталған.