ҚР Қорғаныс министрлігі Қызылорда облысы аумағында тікұшақ апатынан қаза тапқандардың тізімін жария етті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қайтыс болған 13 адамның 12-сі — Ақтаудағы №30153 әскери бөлімінің қызметкерлері екен. Маңғыстау облысының әкімдігі қаза тапқан әскерилердің отбасына 1 млн теңгеден беретінін мәлімдеді. Роман Костыгов - майор 26.04.1985 Тимур Құдайбердиев - майор 17.09.1985 Аслан Айтбаев - лейтенант 10.11.1994 Данияр Қоңырбай - майор 10.11.1985 Сабыр Тоқбаев - майор 15.12.1977 Сырым Мәсәлім - капитан 11.12. 198 Қайрат Нұрсапанов - 3-сыныпты сержант 08.10.1973 Мұрат Шәріпов - аға сержант 04.01.1979 Асхат Абдулманат - кіші сержант 21.09.1982 Айдын Әбділдинов - ефрейтор 11.12.1978 Қуаныш Сартықбаев - ефрейтор 08.09.1986 Өмірхан Каукаев - ефрейтор 21.08.1990 Мирас Жұматаев - ефрейтор 10.02.1991 Естеріңізге сала кетейік, кеше Қызылорда облысының Жалағаш ауданында Ақтаудан Шымкент қаласына бағыт алған тікұшақ құлап, әуе кемесінің бортында болған 13 әскери қызметші қаза тапты.