Маңғыстау облысында 26-28 наурыз аралығында өткен «Борышкер» шарасы кезінде 14 миллион 584 мың теңге айыппұл өндірілді. Бұл туралы МО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Шара барысында бюджетке 14 миллион 584 мың теңге түсті. Өндіру көрсеткіші 62%-ға жеткен. «Сонымен қатар 5 автокөлік айыптұраққа қойылып, жүргізушілер 123 мың теңге айыппұл төледі. Ал 21 шағынаудандағы процессинг орталығында тәртіп бұзған 1242 адам қабылданып, олардан 2 миллион 880 мың теңге өндірілді», - дейді баспасөз қызметі. [caption id="attachment_76070" align="alignnone" width="696"] Профилактикалық шара[/caption] Борышкерлердің мекенжайлары бойынша учаскелік полиция инспекторлары 5154 хабарлама жіберіп, ал олардың жұмыс орынына 682 ұйғарым жолдады. Сондай-ақ тәртіп бұзушыларға 14 мың смс хабарлама жіберген. "Ақтау-Стамбул" рейсімен шетелге шыққысы келген азаматқа Қазақстаннан тыс жерге шығуға шектеу қойылған, өйткені тұрғынның сот қаулысымен өтелмеген әкімшілік айыппұлы бар болып шықты. Үш күнге созылған шараға облыстық ПД, ӘПБ, ЖПҚ жеке құрамы, прокуратура, мемлекеттік сот орындаушылары мен БАҚ өкілдері жұмылдырылды. «Борышкер» жедел іс-шарасы жыл басынан бері салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру және айыппұл төлеуден жалтарғандарды анықтау мақсатында өтті.