Бүгін елордада сағат 9:14 шамасында 25 адам зардап шеккен жол-көлік оқиғасы болды. Апат кезінде екі адам көз жұмды. «Астана LRT» мәліметінше қаза болғандардың бірі - бірінші соқтығысқан автобустың жүргізушісі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. «26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің соқтығысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Қала маңы бағдарындағы № 303 автобус № 12 бағдардағы жолаушылар көлігімен соқтығысты. Осының екпінімен олар № 53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне барып соғылды», - деді «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева. Оқиға орнына қала әкімі барды, жарақат алғандарға дәрігерлер көмек көрсетуде.