Ұлыстың ұлы күніне орай Маңғыстау облысының түкпір-түкпірінде мерекелік шаралар өтіп жатыр. Бүгін Ақтау қаласында 15 шағынаудандағы теңіз жағалауында 26 киіз үй тігіліп, көпшілікке арналған мәдени шаралар ұйымдастырылды. [caption id="attachment_75597" align="alignnone" width="696"] Ұлыстың ұлы күні[/caption] Сонымен қатар театрландырылған көрініс сахналанып, жергілікті өнерпаздар ән шырқап, би биледі. Жағалау жанында орнатылған алтыбақанға жастар жиылып, сауық құрды. [caption id="attachment_75587" align="alignnone" width="696"] Алтыбақан[/caption] Халық теңіз жағалауында көрісіп мерекенің сәнін асыра түсті. «Мен Жаңаөзен қаласынан Ақтауға 2-3 күнге қыдырып келдім әрі Наурыз мерекесін тамашаладым. Биылғы концерт маған ерекше ұнады. Алған әсерімді таныстарыммен бөліспекпін. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!» - дейді Жаңаөзен тұрғыны Әйгерім Омарова. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="75599,75598,75597,75596,75595,75594,75593,75592"] Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған концерт отшашумен аяқталды. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="75632,75630,75629,75628,75627,75631"]
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН