Ұлыстың ұлы күні, Наурыз мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысының басшысы Ералы Тоғжанов жəне Ақтау қаласының əкімі Ғалымжан Ниязов көпбалалы аналарды үйіне барып құттықтады. Ақтау қаласында тұратын көп балалы аналар Н.Əбдібақиқызы, З.Абдуллаева, Г.Жолдасбекова, А.Хаированың үйінде болып, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Кездесуде өңір басшысы әулеттің берекесі мен ұйытқысына айналған алтын құрсақты аналарға, олардың отбасыларына лебізін білдіріп, мейрамға орай сыйлығын табыс етті. Өз кезегінде аналар да өңір басшысын қазақтың төл мерекесімен құттықтап, ризашылықтарын білдірді. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="75640,75641,75643,75644,75645"]