Ақтаудағы «Оймаша» және Бейнеудегі «Бекет ата» полигондарында «Батыс» өңірлік қолбасшығы әскери бөлімдерінің 30-дан аса танк экипажы күндізгі және түнгі уақытта штаттық оқ ату жаттығу өткізді. Танкішілер Т-72 танкісінің қару-жарағынан дәлдеп ату шеберлігін аттырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Экипаждар бақылау оқ атудың бірінші жаттығуын орындады. Танкпен 1600 метрге атқан, қол таңкіге қарсы гранатаатқыш пен серпілмейтін зеңбірек арқылы 900 метрге атқан, қол танкіге қарсы гранаатқышпен 700 метр қашықтықтан оқ атты. Одан басқа танкішілер танкіге атыс жиынтығын салу, танктің бөлімшесі мен қару-жарағын жорықтық қалыптан жауынгерлікке және кері қарай көшіру жөніндегі практикалық нормативтерді орындады. [caption id="attachment_75294" align="alignnone" width="696"] Оқу жаттығу[/caption] Биылғы штаттық оқ атуларының ерекшелігі - қараңғы мезгілде әскери қызметшілер арнайы аспаптар мен түнгі көру көздеуіштерін қолданып, жауынгерлік оқ атқан. Қорытындысында 1-ші танкті ротасының командирі Мирас Борамбаевтың экипаждары үздік нәтиже көрсетті. Сонымен қатар танк командирлері Алдаберген Бексұлтан мен кіші сержант Медет Әбілтаевтың экипажы да тиісті нормативтерді сапалы әрі жылдам орындаған. Айта кетелік, Т-72 танкісі қару-жарағынан штаттық оқ атулар жылына екі рет өткізіледі.