©
Ақтауда тұрғын-үй ғимараттарын салумен айналысатын "Батыс Энерго" ұлттық компаниясы" ЖШС экономикалық сотқа өзін банкрот деп тануды сұраған. Мекеменің өтінішін қанағаттандырмаған сот 26 тұрғынның пәтерсіз қалуын сақтап қалған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Аталған мекеме сотқа бюджетке төлейтін салығы көбейіп кеткенін және одан әрі салықты төлей алмайтынын айтқан. Ал сот оны банкрот деп танығанда оның меншігіндегі 26 пәтер мекеменің өзінде қалар еді. Бастапқы қаражатын төлеп қойған 26 үлескер мекеме банкрот деп танылса пәтерлерінен айырылып қалар еді. Сот істі қарау барысында "Батыс Энерго" ұлттық компаниясы" ЖШС салық және басқа да міндетті төлемдерді төлемегені анықтаған. Оның мемлекет алдындағы қарызы 122 494 783 теңге болса, негізгі борышы 54 024 562 теңге екен. Ал өсім бойынша 68 470 221 теңге болып отыр. Бірақ қатысқан үшінші тұлғалар Б. Қалдиева, А. Дуйсенгалиев, Р. Бабакулов, Д. Қабиев, Д. Өтебергенова борышкердің меншік құқығында жылжымайтын мүлкі бар екенін айтқан. "Батыс Энерго" ұлттық компаниясы" ЖШС-нің меншігінде Ақтау қаласының 19 шағынауданындағы №14/1 және №14/2 көп пәтерлі тұрғын-үйлерде жеке тұлғаларға сатылған 26 пәтерінің бары анықталды», - дейді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметкері. Істі қараған судья заңға сәйкес барлық жағдайларды терең зерделей отырып, "Батыс Энерго" ұлттық компаниясы" ЖШС мемлекет алдындағы қарызын өтей алатын мүмкіндігі бар деп шешкен. Сот осылайша "Батыс Энерго" ұлттық компаниясы" ЖШС-нің меншігінде 26 пәтердің бар екенін, олардың жалпы құны салық төлемінен асатынын ескеріп банкрот деп танымаған. Баспанасыз қалу мәселесін шешкен судьяға 26 ақтаулық тұрғын алғысын айтты. Қала тұрғындары жіберген алғыс хатта Маңғыстау облысының мамандандырылған экономикалық сотының төрағасы А.Тленовке, істі қараған судья Ж.Нурышеваға ризашылығын білдірген.Көрнекі сурет сайт архивінен
[caption id="attachment_75220" align="alignnone" width="720"] Тұрғындар алғыс білдірді[/caption]