Биыл да Амал мерекесін маңғыстаулықтар Отпан тауда тойлайды. Ақ жарқын жүзбен қол алысып, көрісіп, бір-біріне жақсы тілектер арнайды. Қала тұрғындары мен қонақтарының 14 наурыз күні «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде өтетін Амал мерекесіне баруы үшін автобустар қатынайды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарлауынша, арнайы көліктер 29 шағынаудандағы «Нұр Плаза» қонақ үйінің жанынан 2019 жылғы 14 наурыз күні таңертеңгі сағат 07.30-дан бастап жүреді. Билет құны 1 адамға бір бағытқа - 500 теңге. Айта кетелік, биыл Отпан таудағы бірлік отын жағу Ақпан ата ұрпақтарына берілген. Мерекеге орай алыс-жақын өңірлерден қонақтар келеді деп жоспарланған. Олардың ішінде Ақмешіт кесенесінің, Сарайшық кесенесінің, Ичан-қала мемориалдық кешенінің, Бекет ата кесенесінің, Астрахань, Құрманғазы мәдени орталығының өкілдері, Ноғай елінің жыршысы Сұлтанбек Арыстанбек, дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова да бар. Отпан тауда өтетін Амал мерекесінің бағдарламасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.
Сурет Т.Құсайынның архивінен